«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан, Маңғыстау облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, шаң борайды. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Павлодар, Қостанай облыстарында бұршақ жауы мүмкін, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.
Алматы облысында жел екпіні секундына 17-22 метрге жетеді, шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстігінде дала өрті қаупі күшейеді.

