Басты бет Мәдениет Алматыда Отырар қорғанының 800 жылдығына орай көрме ашылды

Алматыда Отырар қорғанының 800 жылдығына орай көрме ашылды

Көрмеге келушілер Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қала мәдениетінің дәуірлеген уақытындағы Отырармен танысады.

Фото: ҚР Мемлекеттік орталық музейі

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Қамалы бекем, халқы қайсар Отырар» атты көрме ашылды. Көрме Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қор материалдары негізінде ұйымдастырылған. Көрменің мақсаты — келушілерді Отырардың көне тарихымен таныстыру.

Көрмеде ерте орта ғасырдан кейінгі  кезеңнен бастап Қазақ хандығына дейінгі уақытты қамтитын 200-ге жуық жәдігер бар. 2012 жылдан бері жыл сайын Қазақстанның бірнеше қалаларында көрме ұйымдастырамыз. Келушілердің саны жыл санып өсіп келеді. Әсіресе, туристер көп, — деді Отырар мемлекеттік-археологиялық қорық музейінің бөлім меңгерушісі Ералы Шоқай.

Көрме төрт бөлімнен тұрады. І бөлімде ІІІ-VIII ғасырларға тән түпнұсқа жәдігерлер мен деректі материалдар жинақталған. ІІ бөлімнің сөрелеріне ІХ-ХІІ ғасырлардағы Отырардың тыныс-тіршілігін баяндайтын еңбек қорытындылары мен сол кезеңдерден жеткен археология материалдары қойылған. Келушілер Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қала мәдениетінің дәуірлеген уақытындағы Отырармен танысады. ІІІ бөлімде ХІІІ ғасырдағы Отырардағы дүрбелең, моңғол шапқыншылығы кезіндегі қала тіршілігі мен осы кезеңге тән жәдігерлер ұсынылған. Қонақтар соңғы бөлімнен Отырардың қайта бой көтеруін тамашалайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version