Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бірыңғай реестріне тіркелген қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеудің шеңберінде қайтыс болған адамның кім екені және қалай қаза болғаны анықталып жатыр.
Сот-медицина және басқа да бірнеше сараптама тағайындалған.
Өткен демалыс күні Көктөбе маңында екі рет өрт шықты. Алғашқысында бір гектар жер өртенсе, екінші өрт мың шаршы метрдей аумақты шарпыған. Екінші өрт орнынан бір адамның мәйіті табылды. Бірінші өрт 11 тамыз күні сағат 20.00 шамасында, екіншісі 23.00 шамасында өшірілді.