Басты бет Жаңалықтар Дүйсенбінің ауа райы: еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауады

Дүйсенбінің ауа райы: еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауады

12 тамызда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, өңірлердің кей жерінде толассыз жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Фото: Reuters.com

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда дүйсенбіде Қызылорда облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 23 м/с жел соғып, дауыл тұрады, шаң борайды. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 15-22 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында 25 м/с жел соғады. Маңғыстау облысында 23 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады. Алматы облысында Алакөл көлі ауданында 17-22 м/с жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Ақмола, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version