Басты бет Жаңалықтар Президент Қазақстан халқын Құрбан айтпен құттықтады

Президент Қазақстан халқын Құрбан айтпен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі құттықтау мәтінін жариялады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: ТАСС/Александр Щербак

Құрметті отандастар!

Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Қасиетті Құрбан айт — мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам.

Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі.

Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды.

Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін.

Отанымыз — Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version