Басты бет Жаңалықтар Павлодар облысындағы Қалмаққырылған аумағы зерттеліп жатыр

Павлодар облысындағы Қалмаққырылған аумағы зерттеліп жатыр

Павлодар облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында әйгілі Қалмаққырылған аумағында кешенді археологиялық-этнографиялық зерттеу жүріп жатыр. Бұл - XVIII ғасырда қазақ-ойрат қанды шайқасы болған тарихи жер.

Павлодар облысындағы Қалмаққырылған мекені. Фото: Inform.kz

Май ауданында аумағында «Қазақстан археологиялық қоғамы» ұйымының басшысы Виктор Мерц бастаған зерттеушілер жұмыс істеп жатыр. Қалмаққырылған тауы — Сарыарқаның тағдырын шешкен атышулы шайқастың орны әрі еліміздегі ірі тарихи-табиғи кешен. Мұнда қола және ерте темір дәуірінің ескерткіштері бар.

Виктор Мерц ол ескерткіштерді 2008 жылы да зерттеген. Тарихи жәдігерлер қола және ерте темір дәуіріндегі солтүстік-шығыс Сарыарқа көшпелілерінің жерлеу рәсімінен хабар береді.

Қалмаққырылған мекеніндегі археологтар
Қалмаққырылған мекеніндегі археологтар. Фото: Inform.kz

8 тамыз күні мұнда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Әлкей Марғұлан атындағы археология орталығы мен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдарынан тұратын экспедицияны алып келді.

Болат Бақауов бастаған экспедиция Қалмаққырылғанда. Фото: Inform.kz

Экспедиция кезінде Қалмаққырылған тауынан зират орындары табылып, жартастағы жазулар анықталды. Ғалымдар Әулиеүңгірді зерттеп, Қызқұлаған, Гауһар биігі, Бас малай, Орта Малай, Кіші Малай, Қарнақ орындарына қатысты көптеген аңыз-дастанды қағазға түсірді. Қалмаққырылған тауы мен Түндік өзенінің аралығындағы топонимика атаулары да ғалымдардың зерттеу нысанына айналады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version