Басты бетЖаңалықтарСатыбалды Нарымбетовтің...

Сатыбалды Нарымбетовтің фильмі Оскарға ұсынылды

Тарихи драма тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналған. Тарихшы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жайлы ғылыми тұжырымдамалары үшін репрессияға ұшыраған.

Еске сала кетейік, «Қазақфильм» студиясының «Аманат» картинасы 2016 жылдың 19 мамырында прокатқа шыққан болатын.  Сюжет бойынша – үш желі мен үш кейіпкер – Кенесары, Ермұхан және Рамазан – әрқайсысы ойды өздігінен жеткізгісі келеді. Сатыбалды Нарымбетовтің айтуына қарағанда, сценаристердің жобасы бойынша, өтпелі желі – әр кейіпкердің ұлттың бостандығы мен тәуелсіздігіне деген мұраты. Басты кейіпкерлер Халиманың рөлін Қарлығаш Мұхамеджанова, Ермұхан Бекмахановтың рөлін Берік Айтжанов сомдаған.

Дереккөзegemen.kz