Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым Төрегелді Шармановпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановты қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент пен гигиенист-нутрициолог денсаулық сақтау саласын дамыту, ұлттық тағам түрлерін насихаттау, қоғам мен билік арасындағы диалог және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелерін талқылады.

Академик Төрегелді Шарманов қоғамды ұйыту, елдің бірлігін арттыру және жастар тәрбиесіне қатысты ойларын айтты, — делінген Ақорданың хабарламасында.