8-10 тамыз күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Мамандардың мәліметінше, 8-10 тамыз күндері аптап ақыры бәсеңдейді.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Бұған Солтүстік Мұзды мұхиттағы Жаңа Жер архипелагы аудандарынан келетін жоғарғы циклон жырасы мен атмосфера фронттары себеп болады. Олар шығыс бағытқа қарай ығыса отырып, Қазақстанның көп облысында жаңбыр жаудырады, шығыс аймақтарда нөсерге, дауылға, бұршаққа және ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді.