Басты бетҚоғамШілдеде ең...

Шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай болды?

2019 жылғы шілдеде Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 618 теңге болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12% жоғарылады. Оның ішінде ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығын үлесі 19,9%, сүт, тоңмай өнімдері мен жұмыртқа сатып алуға жұмсалған шығын үлесі 14,8%, жеміс пен көкөніс алу үшін жұмсалған шығын үлесі 10,9%, нан және жарма өнімдері шығынының үлесі 7,4%, қант, шай мен дәмдеуіштерді сатып алуға жұмсалған шығын үлесі 2% болды.

                                                                                                                        теңге

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан еңбекке қабілетті халық

Зейнеткерлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы

29 618

23 458

37 499

28 731

35 295

28 023

27 810

Азық-түлік тауарлары

16 290

12 902

20 625

15 803

19 412

15 412

15 295

Азық-түлік емес тауарлар
мен көрсетілетін қызметтер

13 328

10 556

16 874

12 928

15 883

12 611

12 515

 02-08-2019-2kz

Ең төмен күнкөріс деңгейі — шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажет тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45%-і мөлшерінде белгіленген.