Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттің жаңа әкімінің жоспарымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерлан Айтаханов. Фото: Аkorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент жаңа әкімнің Шымкентке Түркістан облысынан қосылған елді-мекендерге жол салу, газ, электр жарығы мен ауызсу тарту жоспарымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді, — деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 30 шілде күні Шымкентке жаңа әкім тағайындалған еді. Президенттің жарлығымен осы кезге дейін Түркістан облысының Отырар ауданын басқарған Ерлан Айтаханов Шымкент әкімі болып тағайындалып, Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен босатылды. Президент Әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев Ғабидолла Әбдірахымовтың «сенімнен айырылғанын» айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version