Басты бет Медицина Тасжолдардағы көлік апаты кезінде қайда хабарласу керек?

Тасжолдардағы көлік апаты кезінде қайда хабарласу керек?

Қазақстанның автокөлік жолдарында апатқа ұшыраған кезде дәрігерлердің шұғыл көмегін алу үшін қайда хабарласу керек?

Иллюстрация: Dribbble.com ©MUTI

Еліміздегі республикалық маңызы бар тасжолдардың көлік апаты жиі болатын 40 учаскесінде медицина-құтқару пункті жұмыс істейді. Оларды 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Апат медицинасы орталығы ашты.

Тасжолдардағы медицина-құтқару пунктінің мақсаты — елді мекендерден тыс жерлерде жол-көлік оқиғаларына ұшыраған адамдарға дәрігерлер мен құтқарушыларды шұғыл жеткізу. Бұл нысандар үш модульден тұрады: медицина, техника және тікұшақ алаңы. Автокөлік жолында апаттан зардап шеккендерге толық жабдықталған, мамандандырылған реанимобиль көмекке барады. Әр пунктіде 5 қызметкер жұмыс істейді: дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспетчер, жүргізуші-құтқарушы және құтқарушы.

Пункт атауы Орналасқан жері Телефон нөмірі
Ақмола облысы
«Анар» Астана — Қарағанды тасжолының 100-шақырымы, Анар поселкесінің маңы 8 (71644) 5-14-35
«Макинск» Астана — Көкшетау тасжолының 200-шақырымы, Астана — Көкшетау және Степняк — Астраханка жолдарының қиылысатын тұсы 8 (71646) 5-00-08
«Жақсы» Атбасар — Қостанай тасжолының 880-шақырымы, Жақсы поселкесінің маңы 8 (71635) 3-10-02
Ақтөбе облысы
«Қарабұтақ» Самара — Шымкент тасжолының 965-шақырымы, Қарабұтақ поселкесінің маңы 8 (71339) 7-19-66
«Қандыағаш» Ақтөбе — Астрахань тасжолының 99-шақырымы, Қандыағаш қаласының маңы 8 (7133) 35-03-61
«Қалыбай» Самара — Шымкент тасжолының 235-шақырымы, Қалыбай поселкесінің маңы 8 (71343)  7-32-70
Алматы облысы
«Жаңаарқа» Алматы — Өскемен тасжолының 43-шақырымы, Жаңаарқа поселкесінің маңы 8 (7273) 98-26-93
«Күрті» Алматы — Екатеринбург тасжолының 106-шақырымы, Күрті елді мекенінің маңы 8 (7273) 06-21-51
«Сарқан» Алматы — Өскемен тасжолының 400-шақырымы, Сарқан поселкесінің маңы 8 (72839) 3-44-95
«Тарғап» Алматы — Ташкент тасжолының 127-шақырымы, Ақтерек поселкесінің маңы 8 (72770) 3-83-35
«Үшарал» Алматы — Өскемен тасжолының 555-шақырымы, Үшарал — Аягөз — Достық жолайрығы 8 (7283) 32-88-80
«Шелек» Алматы — Қорғас тасжолының 87-шақырымы 8 (72775) 2-78-82
Атырау облысы
«Доссор» Атырау — Ақтөбе тасжолы, Доссор поселкесінің маңы 8 (71239) 5-53-53
Шығыс Қазақстан облысы
«Жарма» Өскемен — Алматы тасжолының 220-шақырымы, Аршалы поселкесінің маңы 8 (72347) 4-08-14
«Привольное» Өскемен — Семей тасжолының 85-шақырымы, Привольное поселкесінің маңы 8 (7233) 43-14-46
«Семеновка» Омбы — Майқапшағай тасжолының 360-шақырымы, Қарабас поселкесінің маңы 8 (72236) 2-29-29
«Семей» Омбы — Майқапшағай тасжолының 825-шақырымы, Суықбұлақ поселкесінің маңы 8(72347) 6-78-03
Қостанай облысы
«Щербаково» Алматы — Екатеринбург тасжолының 612-шақырымы 8 (71445) 2-24-46
Жамбыл облысы
«Луговое» Тараз — Шу тасжолы, Құлан поселкесінің маңы 8 (72631) 5-00-65
«Төле би» Меркі — Шу — Бурылбайтал тасжолының 105-шақырымы 8 (72643) 5-55-22
«Шығанақ» Алматы — Екатеринбург тасжолының 491-шақырымы, Қарағанды — Алматы — Шу жолайрығының маңы 8 (72642) 2-75-65
Маңғыстау облысы
«Мұнайшы» Ақтау — Жаңаөзен тасжолының 263-шақырымы 8 (72935) 5-06-88
«Бейнеу» Доссор — Ақтау тасжолының 332-шақырымы, Бейнеу поселкесінің маңы 8 (7293) 25-05-66
Батыс Қазақстан облысы
«Чапаев» Атырау — Орал және Чапаев — Жалпақтал жолдарының қиылысатын тұсы, Чапаев елді мекенінің маңы 8 (71136) 5-05-75

 

Қарағанды облысы
«Ақсу-Аюлы» Алматы — Екатеринбург тасжолының 923-шақырымы, Нұраталды поселкесінің маңы 8 (71031) 5-00-93
«Ақтүбек» Қызылорда — Павлодар тасжолының 709-шақырымы, Ақтүбек поселкесінің маңы 8 (71030) 5-10-76
«Ақшатау» Алматы — Екатеринбург тасжолының 784-шақырымы, Қарағанды — Балқаш және Ақшатау — Ақадыр жолдарының қиылысы 8 (71033) 5-11-55
«Балқаш» Алматы — Екатеринбург тасжолының 635-шақырымы, Балқаш қаласының маңы 8 (71036) 5-88-79
«Матақ» Қарағанды — Аягөз тасжолының 139-шақырымы, Матақ поселкесінің маңы 8 (72146) 5-01-01
«Сарышаған» Алматы — Екатеринбург тасжолының 505-шақырымы, Сарышаған поселкесінің маңы 8 (71039) 7-00-26
«Молодежное» Қызылорда — Павлодар автожолының 1070-шақырымы, Молодежное поселкесінің маңы 8(72148) 3-04-68
Қызылорда облысы
«Жосалы» Байқоңыр — Қызылорда тасжолы, Иіркөл поселкесінің маңы 8 (72437) 4-07-57
«Шиелі» Самара — Шымкент тасжолы, Бәйгеқұм поселкесінің маңы 8 (72432) 5-00-41
«Әйтеке би» Самара — Шымкент тасжолы, Әйтеке би поселкесінің маңы 8 (7243) 83-00-15
Солтүстік Қазақстан облысы
«Келлеровка» Петропавл — Көкшетау тасжолының 120-шақырымы, Келлеровка поселкесінің маңы 8 (71536) 4-46-60 
Павлодар облысы
«Қалқаман» Павлодар — Екібастұз — Майқайың жолайрығы, 81-шақырым 8 (71837) 78-4-74
«Шідерті» Павлодар — Қызылорда тасжолының 204-шақырымы 8 (718) 77-45-111

 

Түркістан облысы
«Төрткөл» Шымкент — Түркістан тасжолының 530-шақырымы, Шымкент — Түркістан — Шәуілдір жолайрығы, Көкарал поселкесінің маңы 8 (72530) 7-20-36
«Қазығұрт» Шымкент — Ташкент тасжолы, Қазығұрт өткелінің маңы 8(72539) 3-81-00
«Қызыләскер» Жетісай — Ташкент автожолының 146-шақырымы, Қызыләскер поселкесінің маңы 8(72532) 7-60-33

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version