«Жас ұлан» мектебі жемқорлыққа қарсы

Дәрісті Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны Рауан Саурық жүргізді. Рауан Саурық әскери оқу орнына талапкерлерді қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық оқиғаларын болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлық туралы» заңның баптарынан үзінділер келтірді.

Сыбайлас жемқорлық — қоғамдағы белең алған күрделі мәселелердің бірі. Ол ешкімге де абырой әкелмейді. Сондықтан да тура жолдан таймай, елімізге адал қызмет етейік, — дейді әділет капитаны Рауан Саурық.

Фото: «Жас ұлан» мектебі

Шарада «Жас ұлан» әскери мектебінің басшысы, полковник Манат Батырбаев елімізде болып жатқан жемқорлық пен өзге де құқықбұзушылықтар мен олардың себеп-салдары туралы айтты. Сонымен қатар мектеп заңгері, майор Берікбай Шерниязов жемқорлық оқиғасы бойынша статистика мәліметтерін келтіріп, парақорлықпен күрес жолдарын мектептің жеке құрамына толық түсіндірді.