Мерекелік кеш генерал-майор Алмасбек Әбдірахмановтың өмір жолы туралы деректі фильм көрсетумен басталды. Мерейтой иесіне армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың құттықтау хаты мен ҚР Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың грамотасы табысталды. Қызметтес болған әріптестері оған тілек айтып, 1 курс курсанты Қанат Дастан генералға өлең арнады.
Алмасбек Әбдірахановтың тұтас өмірі Отанға, елге қызмет етуге арналды. Әлі күнге дейін сол қалпынан танған жоқ. Адалдық пен әділдікті ұстаным еткен оның ғұмыры соңынан ерген ұрпақтар үшін үлгі болып қала береді, — деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының бірінші орынбасары, полковник Талғат Әжібаев.
Генерал-майор Алмасбек Әбдірахманов әскери қызметін взвод командирінен бастап ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штабы басшысының орынбасары қызметін атқарды. Қазақстан әскері құрылған жылдары Қарулы күштердің штаттық құрылымын жасауға атсалысқан, бірқатар әскери заңнамаларды жобалауға үлесін қосқан.
Генерал Асылбек Әбдірахмановтың өзі мың жарымға жауық қазақ баласын Кеңес Одағының үздік әскери оқу орындарына жібергенін мақтанышпен еске. Бүгінде олар генерал, полковник тағы басқа әскери атақ алып, қазақстандық армия қатарында қызмет етіп жүр.
Кеш соңында сөз алған мерейтой иесі болашақ офицерлерге ақыл-кеңесін айтты.
Отанды сүйіңдер, оған адал қызмет етіңдер. Өздеріңе жүктелген істі жауапкершілікпен орындап, өмірлік ұстанымдарыңа берік болыңдар. Бұл өмірде Отанға, халыққа адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ, — деді генерал-майор Алмасбек Әбдірахманов.