Басты бет Экономика Нұр-Сұлтанда елорданың ең үздік тауарлары анықталды

Нұр-Сұлтанда елорданың ең үздік тауарлары анықталды

Елордада "Қазақстанның ең үздік тауары" байқау-көрмесінің жергілікті іріктеу кезеңі өтті. Сараптама комиссиясы "Өндірістік үздік тауарлар", "Халыққа арналған үздік тауарлар" және "Үздік азық-түлік өнімдері" номинациялары бойынша үздік тауарларды анықтады.

Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанның Кәсіпкерлер палатасы директоры Алмат Жүнісов бұл жолы байқау-көрмеге қатысқандардың саны жылдағыдан көп екенін айтты.

«Байқауға биыл елорданың 100 компаниясы қатысты. Оның 70%-і — жаңа қатысушылар. Байқауда телекоммуникациялық жабдықтарды, жүк және автомобиль таразыларын, құрғақ құрылыс қоспаларын, қол ірімшігі мен спорт тағамдарын, сонымен қатар тіс пастасын, балалар киімдері мен ойыншықтарды, жартылай фабрикат тағамдар мен кондитер компаниялары қатысты. Жергілікті байқау-көрмесін қаланың Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды», — деді Алмат Жүнісов.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Пенетрон-Қазақстан» ЗГМ» ЖШС, «Целингидромаш» ЖШС, «ВЭЛС» компаниясы» ЖШС, «DANMARD» ЖШС, «Қазақ оюлары» ЖШС, «Digital System Servis» ЖШС, «Kazak House» ЖК, «Golden Rill Group» ЖШС және «Алау ТМ» ЖШС компаниялары жеңімпаз болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version