Нұр-Сұлтанның Кәсіпкерлер палатасы директоры Алмат Жүнісов бұл жолы байқау-көрмеге қатысқандардың саны жылдағыдан көп екенін айтты.
«Байқауға биыл елорданың 100 компаниясы қатысты. Оның 70%-і — жаңа қатысушылар. Байқауда телекоммуникациялық жабдықтарды, жүк және автомобиль таразыларын, құрғақ құрылыс қоспаларын, қол ірімшігі мен спорт тағамдарын, сонымен қатар тіс пастасын, балалар киімдері мен ойыншықтарды, жартылай фабрикат тағамдар мен кондитер компаниялары қатысты. Жергілікті байқау-көрмесін қаланың Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды», — деді Алмат Жүнісов.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Пенетрон-Қазақстан» ЗГМ» ЖШС, «Целингидромаш» ЖШС, «ВЭЛС» компаниясы» ЖШС, «DANMARD» ЖШС, «Қазақ оюлары» ЖШС, «Digital System Servis» ЖШС, «Kazak House» ЖК, «Golden Rill Group» ЖШС және «Алау ТМ» ЖШС компаниялары жеңімпаз болды.