Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті

Кездесуде Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады. Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Тұңғышбай Жаманқұлов Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрлары мен кинематографтың жағдайы, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясындағы жас мамандарды дайындау барысы және Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино өнері еліміздің мәдени-рухани дамуында айрықша роль атқаратынын, сол себепті осы салалардың дамуына ерекше көңіл бөліп, әрдайым қолдау білдіретінін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version