Басты бет Жаңалықтар Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке тағайындалды

Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке тағайындалды

Мәулен Әшімбаев маусым айының соңында Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді.

Мәулен Әшімбаев. Фото: Bnews.kz

Мәулен Әшімбаев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Мәулен Әшімбаев бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған еді. 2019 жылдың 29 маусымы күні бұл қызметке Бауыржан Байбек тағайындалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version