Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда Діни...

Қазақстанда Діни басқармаға қарасты қанша оқу орны бар?

Бүгінде Діни басқармаға қарасты 1 университет, 1 имамдардың білімін жетілдіру институты, 9 медресе, 2 қарилар орталығы жұмыс істейді. Аталған діни оқу орындарында 2856 шәкірт білім алып жатыр. Атап айтқанда, «Нұр Мүбәрак» университетінде – 1130 студент, 9 медреседе – 1321 шәкірт, қарилар орталықтарында – 225 шәкірт, білім жетілдіру және дайындық курстарында 180 шәкірт дәріс тыңдайды.

Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Келісімді Египет Араб Республикасының алдынғы президенті Мұхаммед Хұсни Мүбарак та 2003 жылы өзінің №215 бұйрығымен бекітті.

Оқу орнына ҚР Білім және ғылым министрлігінің лицензиясы берілген. Мемлекеттік аттестаттаудан өткен.

Университет Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан. Онда зәулім мешіт,  мәжіліс залы, дәрісханалар, компьютер, лингофон кабинеттері, бай кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Қалашықта келешекте бірнеше оқу корпустары, жатақханалар, спорт кешенін салу жоспарлануда. Білім ордасында республикамыздың белгілі профессор-оқытушыларымен қатар, Египеттің де көрнекті ғалымдары, білікті  исламтанушы, араб филологиясының мамандары дәріс береді.

ҚМБД жанындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институты

Алматы қаласы Тұргыт Озал көшесі № 245 ғимаратында (Сәтбаев көшесінің қиылысында) орналаскан. Еліміздің және ТМД аумағы бойынша жоғарғы деңгейдегі имамдық кадрлар дайындау мақсатында алғаш рет Республикамызда ҚМБД жанында Ислам институты ашылды. Ислам даму банкінің қаржылық қолдауымен 2002 жылы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 474-1900 ДБ тіркеу нөмірі бойынша «Жоғарғы мамандық білім мекемесі» ретінде тіркелді. Институтта жылына төрт топ дәріс алады,жалпы оқу мерзімі 8 ай.

«Сарыағаш» медресесі

Медресе Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, А.Навои көшесі № 1 мекен-жайда орналасқан.

Медресе шәкірттері жалпы орта білім негізіндегі оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай білім алады. Жыл ішіндегі оқу екі семестрге бөлінген. Оқу жоспарына сай шәкірттер лекция тыңдап, практикалық, лабораториялық сабақтарға қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады. Соңынан курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.

Медресе 2013 жылы  9 қаңтарда Әділет министрлігінен ресми түрде тіркеуден өтіп, №1112-1958-12-ЖМ-е ресми тіркеу куәлігі берілді.

«Шымкент» медресесі

Медреседе оқу мерзімі — 2 жыл 10 ай. Оқу түрі — күндізгі. Оқу үдерісі бір кезеңмен өткізіледі. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ОҚО Әділет департаменті Шымкент қаласының Әділет басқармасына 2012 жылы 5-ші қарашада №2884-1958-01-М-е номерімен тіркелді.

«Үшқоңыр» медресесі

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Жібек жолы көшесі №164 орналасқан ҚМДБ-на қарасты 2008 жылдан бастап «ШАМАЛҒАН» медресесі діни бірлестігі болып ашылып, 2012 жылдың 27 желтоқсанында «Үшқоңыр медресесі» жеке мекемесі болып өзгертіліп қайта тіркелген қазіргі таңда ер балалар және қыздар бөлімі болып жұмыс істеуде. Ер балалар бөлімі жоғарыда көрсетілген мекен-жайында, ал қыздар бөлімі 2013 жылдың маусымынан бастап Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Жұрынов көшесі №68 бойынша өз жұмыс бастап кетті.

Оқу мерзімі — 2 жыл 10 ай.

Аталған үш медресе колледж деңгейіне көтерілді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

«Астана» медресесі

Медресе Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36-да орналасқан.

Медресе ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Тіркелу куәлігі № 45324-1901-М-Е, 2013 жылы 30 қаңтар, БИН 130140022723. Лицензия нөмірі: 13013706 (28.08.2013 жылы берілген, Астана қаласы).

«Абу Бәкір Сыддық» медресесі

Бұл медресе — орта кәсіптік білім беру деңгейіндегі «исламтанушы» мамандығы бойынша оқытатын діни оқу орны. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Ол ҚР Әділет министрлігінің №1273-1945-01-М-е  нөмірімен тіркеліп,   ҚР Білім және ғылым министрлігінен №0142686 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын алған.

«Һибатулла Тарази» медресесі

Һибатулла Тарази медресесі Тараз қаласындағы Төле би көшесі бойында орналасқан. Медресе шәкірттері жалпы орта білім негізіндегі оқыту мерзімі бойынша 2 жыл 10 ай білім алады. Оқу  жылы екі семестрге бөлінген. Шәкірттер оқу жоспарына сай дәріс тыңдап, өндірістік және зертхана сабақтарына  қатысады және өзіндік жұмыспен айналысады.  Соңынан  курстық жұмыстар,  сынақ тапсыратын болады.  Медресе бітіргендер  «Исламтанушы» мамандығы бойынша диплом алып шығады.

«Әбу Ханифа» медресесі

Алматы қаласындағы орта кәсіптік білім беру деңгейіндегі «исламтанушы» мамандығы бойынша оқытатын діни оқу орны.

Ол ҚР Әділет министрлігінің №114536-1910-М-е нөмірімен тіркеліп, ҚР Білім және ғылым министрлігінен №0142685 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын алған. Медресенің оқу бағдарламасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп, қазіргі таңда жүйелі түрде жұмыс жасап келеді.

Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

«Ақтөбе» медресесі

Медресе 2008 жылы қазан айында Ақтөбе қаласындағы «Нұр-Ғасыр» мешітінің жанынан ашылды.

Орал медресесі

Медресе Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына қажетті дін мамандарын даярлайды. 2010 жылы 29 сәуірде Білім және ғылым министрлігінен №0137381 серия АБ нөмірлі мерзімі шектеусіз мемлекеттік лицензиясы алынған.

Оқу мерзімі өзге де медреселердегідей 2 жыл 10 ай. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертхана сабақтарына қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады. Соңынан курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.

Ықылас қарилар дайындау орталығы

Қазіргі таңдағы орталық әуел баста Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасына «Ықылас» жастар қоғамдық бірлестігі болып тіркелді. Шымкет қаласында 1997-ші жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. 2000 жылдан 2012 желтоқсан айына дейін ОҚО «Дар аль-Арқам» атындағы Құран Кәрім оқып үйрену орталығы болып жүздеген қарилар шығарды. Кәзіргі таңда сол шәкірттер Республиканың барлық қалаларында имам, наиб имам, медресе, мектептерде  ұстаз  және  басқада салаларда қызмет атқарып жүр.

«Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау Орталығы

Астана маңындағы «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау Орталығы (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы) 2010 жылы 30 қазанда ашылды.

Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Оқу түрі күндізгі. Қарилар курсына Құран Кәрімді толық жаттаған, сондай-ақ дауысы көркем т.б. белгіленген қабылдау ережелеріне сай емтиханнан өткен талапкерлер ғана қабылданады.

ДереккөзҚМДБ