«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында да жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында 18 м/с жел соғып, дауыл тұрады, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында тұман түседі, жел күшейеді.
Маңғыстау, Алматы, Түркістан, Атырау, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, Түркістан облысында арагідік шаңды дауыл тұрады.
Алматы, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Маңғыстау облысында күн 43 градусқа дейін ысиды. Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өрт қаупі күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауын салдарынан таулы өңірлерде өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.