Басты бет Жаңалықтар Шымкенттің қай бөлігінен құрылысқа жер телімдері бөлінетіні белгілі болды

Шымкенттің қай бөлігінен құрылысқа жер телімдері бөлінетіні белгілі болды

Шымкент қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға ниет білдірген 75 550-ге жуық азамат кезекте тұр. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Жер қатынастары бөлімі хабарлады.

«Жылдың соңына дейін кезекте тұрған 500-ге жуық азаматтарға жер учаскелерін Солтүстік саяжай тұрғын алабынан беру көзделуде. Кезекте тұрған азаматтарға Республикалық бюджеттен қаржы қарастыру бойынша қала әкімдігі тарапынан ОҚО Жер қатынастары басқармасына хат жолданған болатын»,-деп атап өтілген әкімдік мәліметінде.

Сонымен қатар, Жер қатынастары бөлімінің мамандары 2017 жылдан бастап кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелері қаланың Оңтүстік-шығыс, Батыс бөліктерінен бөлінуі мүмкіндіктері қарастырылатынын атап өткен.

Атап айтқанда, елімізде Шымкент үшінші мегаполис. Сол себепті, шаһардағы құрылыс та қарқынды жүргізіліп жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version