Қасым-Жомарт Тоқаев демалысқа шықты

Қасым-Жомарт Тоқаев демалысқа шықты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Мемлекет басшысы қысқамерзімді демалысқа шықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастап төрт күнге демалысқа шықты. Президент демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізеді, — деп хабарлады Берік Уәли.

Бұл — Қазақстан Президентінің алғашқы еңбек демалысы. Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 12 маусымы күні Президент қызметіне ресми кіріскен еді.