Басты бет Жаңалықтар Президент вице-министр мен жауапты хатшыны қызметінен босатты

Президент вице-министр мен жауапты хатшыны қызметінен босатты

Қасым-Жомарт Тоқаев 19 шілдеде Ішкі істер, Ұлттық экономика министрліктерінде және басқа да ведомстволарда кадрлардың орнын ауыстырды. 

Фото: Аkorda.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Арыстанғани Заппаров Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне, Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Махамбет Абисатов Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен, Нұрлан Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Сонымен бірге Президент жарлығымен Бейбіт Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version