Басты бет Жаңалықтар Синоптиктер жұмадағы ауа райына қандай болжам жасады?

Синоптиктер жұмадағы ауа райына қандай болжам жасады?

19 шілдеде Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысы мен шығысында ғана жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте тұман түседі, оңтүстік пен шығыста дауыл тұрады.

Фото: Victorvetcare.com

«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жел күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады, Павлодар облысында бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысында да дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарында күн 45 градусқа дейін ысиды. Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version