Алматы әкімі тұрғындардың негізгі әлеуметтік мәселелерін атады

Алматыны дамытуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси платформасындағы «Шетсіз қала» концепциясына баса назар аударылады.

Халықтың негізгі әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру қажет, яғни лайық жалақысы бар жұмыс орындарын ашу, азық-түлік бағасы мен коммунал қызмет тарифтерінің қымбаттауына жол бермеу, қолжетімді тұрғын үй салу, экологияны сақтау, медициналық қызметтің сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет, — деді қала әкімі.

Алматы әкімі аймақтарды абаттандыру, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі, «қарапайым заттар экономикасын», инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Жергілікті атқарушы органдар үшін қала тұрғындарының табыс деңгейін арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша тапсырмалар пакеті жасалды.