«Астана Опера» театрының басшысы ауысты

«Мемлекет басшысының Өкімімен Төлеубек Нығметұлы Әлпиев «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды.

Ахмедьяров Ғалым Алғиұлы, 1973 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді. 2007ж.– ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Өнер басқармасының басшысы, 2008-2012 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі  «Қазақ әуендері» АҚ-ның Президенті қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстан рухани даму қоры» АҚ-ның Президенті, 2014 жылдың ақпанынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-ның Президенті қызметін атқарды.

2014 жылдың 3 қарашасынан ҚР Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Ахмедьяров Ғалым Алғиұлы «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2010), «Дарын» Мемлекеттік жастар жүлдесінің лауреаты (2004), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.

ДереккөзҚазАқпарат