Нұр-Сұлтанда «Қалалық даму акселераторы» бастамасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Facebook-тегі ресми парақшасында елорда тұрғындарына үндеу тастап, «Қалалық даму акселераторы» бастамасына қатысуға шақырды.

2018 жылдың қарашасында қалалық iKOMEK109 орталығы қаланың жүйелі түйткілдерінің рейтингісін құрды. Рейтинг азаматтардың iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына келіп түсетін өтініштері негізінде BIG DATA технологиясы бойынша жасақталады және автоматты түрде жаңарып отырады. Осылайша, 2018 жылы Нұр-Сұлтан әкімдігінің Бірыңғай байланыс орталығы 1 миллионнан астам өтініш бойынша жұмыс істеді, ал 2019 жылдың басынан бері 700 мыңға жуық өтініш қаралды.

Рейтингте алдағы уақытта шағымдар мен орынсыз оқиғаларды азайту үшін кешенді қарастырып, шешуді талап ететін 48 жүйелі түйткіл бар.

Қалалық даму акселераторы жұмысының нәтижесі – тек оңтайлы шешімдерді іздеу және анықтау ғана емес, сондай-ақ оларды тікелей енгізу, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу, – делінген қала әкімнің орынбасары Асқар Амриннің хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына онлайн дауыс беруге қатысып, 20 мәселенің ішінен қалалық даму акселераторы жұмысының бірінші кезеңінде шешетін топ-10 таңдау ұсына алады: әрбір адам өз түйіндемесін, идеялары мен ұсыныстарының қысқаша сипаттамасын жолдап, акселерация жұмыс тобының құрамына кіре алады.

Қалалық даму акселераторы – бұл негізгі міндеті қала дамуының жүйелі және стратегиялық мәселелері шешімдерін іздеу және іске асыру болып саналатын, қала тұрғындарын, жекеменшік компания, қоғамдық бірлестіктер мен әкімдік басқармалары өкілдерін біріктіретін ортақ алаң. Қалалық даму акселераторы – бұл жаңа ұйым, қалалық iKOMEK109 орталығы (Astana 109) жұмысының жаңа бағыты. Әдіснаманың ерекшелігі – тек мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерін ғана емес, сондай-ақ жұртшылықты, белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, сыртқы сарапшыларды, бір сөзбен айтқанда, қалаға бей-жай қарамайтын тұрғындардың бәрін тарта отырып, Акселерация тобын белгілі бір түйткілді мәселеге арнап құру. Жұмыс тобына түйткілді шешу: түпкі себептерді талдау, шешім шығару және шешімді іс жүзінде сынау үшін 100 күн берілетін болады», — делінген таратылған ақпаратта.

Әкімнің орынбасары Асқар Әмрин елорданың барша тұрғындары мен қонақтарын қатысып, пікірін білдіруге, қалада жайлы өмір қалыптастыру бойынша өз идеяларын ұсынуға шақырады.