Басты бет Тест Қазақстан саясаткерлерін қаншалықты білесіз?

Қазақстан саясаткерлерін қаншалықты білесіз?

Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қазақстанның басқа да саясаткерлері туралы білетініңіз көп пе? Сұрақтарға жауап беріп, истеблишмент жайлы біліміңізді тексеріп көріңіз.

Үкімет мүшелері. Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
0%

"Ұлы дала кентаврлары" кітабының авторы кім?

Correct! Wrong!

2005 жылы Иманғали Тасмағамбетовтің "Ұлы дала кентаврлары" кітабы жарық көрді

Үкіметтің қай мүшесі статистика саласында көп жыл қызмет етті?

Correct! Wrong!

Статистика ведомствосында 15 жылдай қызмет еткен саясаткер - Әлихан Смайылов

Павлодар облысының әкімі кім?

Correct! Wrong!

Павлодар облысын 2016 жылдың 25 наурызынан бері Болат Бақауов басқарады

Қай саясаткер ҚР Парламенті Сенатының өкілі?

Correct! Wrong!

Бұлардың арасында Парламент Сенатының депутаты - Рашид Түсіпбеков

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін алғаш иеленген саясаткер кім?

Correct! Wrong!

Қазіргі Nur Otan партиясы басшысының бірінші орынбасары қызметін ең алғаш Нұрлан Нығматулин атқарды

Германияда жоғары музыка мектебінде білім алған қай саясаткер?

Correct! Wrong!

Любек жоғары музыка мектебінде Бауыржан Байбек білім алды

Бұл саясаткерлердің арасында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтын тәмамдаған кім?

Correct! Wrong!

Аталған оқу орнында Гүлшара Әбдіқалықова білім алды

Мына саясаткерлердің қайсы Шымкентке басшы болған жоқ?

Correct! Wrong!

Асқар Мырзахметов Шымкентке әкім болған емес

Нұрсұлтан Назарбаев "Ешкімнен қорықпа, ешкімнен. Біреу ісіңе араласып жатса, маған фамилиясын айт" деп кімге айтты?

Correct! Wrong!

ҚР Тұңғыш Президенті бұл сөзді 2017 жылы Ұлттық банкті басқарған Данияр Ақышевқа айтты

Қай саясаткер Президент сайлауына кандидат ретінде қатысып көрген жоқ?

Correct! Wrong!

Бірғаным Әйтімова президенттікке кандидат ретінде сайлауға түсіп көрген жоқ

Қазақстан саясаткерлерін қаншалықты білесіз?
Тест сұрақтарына жауап бергеніңізге рақмет! Қазақстан саясаткерлері туралы біршама жаңа деректі білдіңіз деп ойлаймыз.

Share your Results:

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version