Басты бет Таным Жарты жылда қанша жаңа жеңіл автокөлік сатып алдық?

Жарты жылда қанша жаңа жеңіл автокөлік сатып алдық?

Еnergyprom.kz сарапшылары Қазақстанның автокөлік сату нарығында импорттың үлесі азайғанын айтып отыр.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Musikkkkk

Осы жылдың алғашқы жартысында Қазақстанда барлығы 30,8 мың автокөлік сатып алынды, бұл былтырғы сондай кезеңмен салыстырғанда 18,3% көп.

Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, сатылған автокөліктердің ішінде Қазақстанда құрастырылғандарының үлесі 47,1%-тен 55,8% өсіп отыр. Импорт 52,9%-тен 44,2% азайған.

Қазақстанның зауыттары шығарған жаңа жеңіл автокөліктердің сатылымы бір жылда 40,1% артқан (17,1 мың автокөлік). Импорт машиналардың 13,6 мыңы ғана сатылды, бұл былтырғыдан 1,1% аз.

Автокөлік сатылымы
Жаңа жеңіл автокөлік сатылымы

Жаңа жеңіл автокөліктердің үштен бірінен астамы «БИПЭК АВТО» дилер тобы арқылы сатылған: 33,5% (былтыр көрсеткіш 30% болды) немесе 10,3 мың автокөлік, көрсеткіш бір жылда 32% артқан.

Екінші орында Astana Motors Қазақстан мотор компаниясы тұр: 25,1% (былтыр 21,3% болды) немесе 7,7 мың автокөлік, көрсеткіш бір жылда 39,6% көбейген.

Көлік сатылымы жөнінен үздік үштікке «Вираж» компаниясы кіреді: 6,1% (былтыр 8,8% болды) немесе 1,9 мың автокөлік, көрсеткіш бір жылда 17,4% азайған.

2019 жылдың маусым айының өзінде Қазақстан азаматтары 6 мыңнан астам жаңа жеңіл автокөлік сатып алды. Көрсеткіш биылғы мамыр айына қарағанда 2,7%, 2018 жылдың маусымына қарағанда 12,5% көп.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Musikkkkk)

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version