Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік басқаруды...

Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Анар Жайылғанова Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді.

Ол «Президенттің кадрлық резервін» құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрон форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде де баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиіс Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.