Есентаев ауылындағы мақтаны теру үшін Өзбекстанның 20-35 жас аралығындағы 14 азамат жұмылдырылған. Олардың әрқайсысы күніне 150 килограмм мақта жинап, әр килограммы үшін 20 теңге алады.
Өзбекстандық мигрант мақта толтырған қабын көтеріп келеді.
Өзбекстандық Сухроб 24 жаста. Ол күніне 250-300 килограмм мақта жинайды.
Өзбекстандық мигрант терілген мақтасын өлшетуге әкетіп барады.
Жұмысшылардың көбі ашық күннің астында аузы-мұрнына шаң кірмес үшін шытпен байлап жұмыс істейді. Мақталарды өлшеп болған соң жүк көлігіне салып, қабылдау бекетіне жеткізеді.
28 жасар Назираның айтуынша, күн көріс үшін Қазақстанға келу оңай шаруа емес. Қазақ-өзбек шекарасынан өту үшін сағаттап кезекке тұру керек.
Түскі үзіліс.
Жиналған мақтаны қабылдау бекетіне жеткізеді.
Мақта қабылдау бекеті.