Басты бет Жаңалықтар Арыстағы жарылыс: Президент министрге қатаң сөгіс жариялады

Арыстағы жарылыс: Президент министрге қатаң сөгіс жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір әскери ведомствоның жүйелі кемшіліктері мен саладағы әлсіз бақылаудың салдарымен күрес жүріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Аkorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа Арыстағы төтенше оқиғаға байланысты қатаң сөгіс жариялады.

Қазір біз әскери ведомствоның жүйелі кемшіліктері мен саладағы бақылаудың әлсіреуінің салдарымен күресіп жатырмыз. Сіз Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі салыстырмалы түрде жаңа адамсыз. Бірақ жағдайға қатысты толық жауапкершілігіңіз бар. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске салайық, 24 маусым күні Арыстағы әскери қоймаларда бірнеше жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, 400-ден астам адам дәрігерлердің көмегіне жүгініп, 80-нен астам адам ауруханаға жатты. Қаланың 40 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жарылысқа өрт қауіпсіздігін сақтамау, лауазымды тұлғалардың салғырттығы және тағы басқа жайттар себеп болуы мүмкін екенін хабарлады. Жуырда Арыстан оқ-дәрі арсеналын басқа жаққа көшіру басталады. 5 шілде күні ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы әскери арсеналға іргелес аумақта қару-жарақ пен жарылғыш заттар фрагменттерін жинау кезінде бір оқ-дәрі жарылып, соның салдарынан өрт шыққанын хабарлады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version