Басты бетЭкономикаБюджеттен қай...

Бюджеттен қай салаларға қосымша ақша бөлінеді?

Бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі аясында ел қауіпсіздігі мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қосымша 379,9 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр. Осыған орай, арнайы заң жобасын қараған депутаттар оны бірауыздан қабылдады.

Қосымша қаражаттың басым бөлігі инвестициялар және даму министрлігі (146,6 млрд.) мен ұлттық экономика министрлігіне (155,1 млрд.) бөлінбекші. Қалған ақша ауыл шаруашылығы министрлігіне (97,3 млрд.), білім және ғылым министрлігіне (40,4 млрд.), денсаулық және әлеуметтік даму министрлігіне (14,9 млрд.), қаржы министрлігіне (58,6 млрд.), мәдениет және спорт министрлігіне (7,1 млрд.) беріледі. Сондай-ақ ел қауіпсіздігі саласындағы шараларды атқару үшін қорғаныс министрлігіне қосымша 52,7 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

Бұдан бөлек, бүгінгі отырыста Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трасферттердің көлемін 2,8 трлн-нан 2,4 трлн-ға дейін азайтуға арналған заң жобасы таныстырылды. Депутаттар оны да бірауыздан мақұлдады.

Дереккөзbaq.kz