Қасым-Жомарт Тоқаев Валентина Матвиенконы орденмен наградтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконы І дәрежелі «Достық» орденімен наградтады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрасы Матвиенко Валентина Ивановна І дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ІІ дәрежелі «Достық» орденімен композитор, пианист, Ресей халық артисі Игорь Крутойды наградтаған еді.