Басты бет Басты Қазақстандық паралимпиадашылар кезекті жарысқа аттанды

Қазақстандық паралимпиадашылар кезекті жарысқа аттанды

Бүгін Сочи қаласында Спорттық арбамен екінші халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды ТАСС ақпараттық агенттігі.

Оған төрт елдің: Қазақстан, Ресей, Армения және Испанияның паралимпиадашылары қатысады.

Grand prix Rezept-Sport Wheelchair racing аталатын жарыс «Сочи Автодромында» екінші рет өткізілгелі отыр. Барлығы 24 қатысушы бақтарын сынайтын болады.

Бүкілресейлік мүгедектер қоғамынан мәлім еткендей, «Формулы-1» автодромы трассы 21 шақырымды құрайды. Спортшылар ұзындығы 2 600 метр болатын шеңберді сегіз рет айналып өтуі тиіс.

Айта кетейік, аталмыш жарыстарды ұйымдастыру идеясы 2014 жылы өткен қысқы Паралимпиада кезінде пайда болған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version