Қазақстанда алдағы жылдары маркетинг пен жарнаманы цифрландыру трендтері күшейе түседі. Бұл өзгерістерге Оңтүстік Кореядан келген технология компаниялары мен экспаттар көп үлес қосады.
Көпшілікке жарнама ұнамайды, бірақ бұл парадигма жуырда өзгермек, себебі сіздер одан ләззат аласыздар, — дейді Cheil Kazakhstan компаниясының Алматы агенттігінің жаңа президенті, Сеулден келген У Бин Ким.
2016 жылы Cheil Kazakhstan компаниясы Epica, White Square, Киев халықаралық жарнама фестивалі, «Идея», Red Jolbors және тағы басқа халықаралық креатив фестивальдерде ең үздік марапаттарды және AdAsia нұсқасы бойынша Орталық Азиядағы үздік креатив агенттік атағын жеңіп алған. Байланыс жөніндегі сарапшылар сол кезде Қазақстан бүкіләлемдік жарнама әлеміне танылды деп айрықша атап отыр.
Оңтүстіккореялық экспаттың мықты тұсы — цифр технологиялары. Олар Over The Horizon сияқты танымал жобаларда тиімді пайдаланылған. Over The Horizon — смартфонына теңдессіз суреттер түсірген зағип саяхатшы Александр Журавлев туралы фильм. Жарнама кампаниясы интернеттің 50 миллионнан астам қолданушысын қамтыды. Over The Horizon фильмі ТМД-дағы фестивальдерде 17 марапатқа ие болған.
У Бин Кимнің айтуынша, оның Алматыда байқаған алғашқы әсері — брендтердің көбі негізге алатын жастар ролінің күшеюі. Сондықтан, оның ойынша, Қазақстандағы жарнама іш пыстыратындай болмауы керек.
Адамдар бренд кампанияларына қызыға қатысып, керемет оқиғаларға кейіпкер болып, жарқын эмоция алуы үшін күшімізді алдыңғы қатарлы цифр құралдарына ден қоямыз, — деді Кореядан келген менеджер.