Басты бетЖаңалықтарАлматыда бал жәрмеңкесі өтеді

Алматыда бал жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке екі күн бойы Шевченко көшесінің бойындағы Ғылым академиясының алдындағы алаңда жұмыс істейтін болады. Барлық өнімдер Өскемен қаласы, Аягөз, Зырян, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үржар, Көкпекті, Шемонаиха және Тарбағатай аудандарынан әкелінген. Олар 40 тоннадан астам бал және бал өнімдері, панты өнімінің 27 түрін саудаға шығарады.

Бал жәрмеңкесі барысында Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдарының концерті ұсынылады.

Сондай-ақ, Алматы қаласының тұрғындары 2016 жылы Шығыс Қазақстанның 5 көне ескерткішінде жүргізілген археологиялық қазбалардың жәдігерлерімен таныса алады. Көрмеде Берел қорғаны, Шілікті жазығы, Аблайкит қамал-монастірінде, Қырықүңгір мен Елеке сазында табылған артефактілер көрмеге қойылмақ.

ДереккөзBAQ.kz