Басты бет Жаңалықтар Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды

Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. 

Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағзұм Мырзағалиев Президентке министрліктің қазіргі жұмысы мен жаңа Экологиялық кодекстің әзірлену барысы туралы мәлімет берді. Министр геология саласын дамыту, су ресурстарын үнемдеу, ормандарды және жануарлар әлемін қорғау үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп те берді.

Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу, соның ішінде сынақ алаңдарын экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын күшейту қажет екенін айтты, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізу мәселелері айрықша бақылауда болуы керек.

Президент халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмысына еріктілерді тарту қажет екенін де айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version