Басты бет Жаңалықтар Қайрат Нүкенов Павлодар әкімі болып тағайындалды

Қайрат Нүкенов Павлодар әкімі болып тағайындалды

Павлодарға жаңа әкім тағайындалды. 10 шілде күні облыс әкімі Болат Бақауов қаланың жаңа басшысын таныстырды.

Қайрат Нүкенов. Фото: Pavon.kz

Облыс орталығына Қайрат Нүкенов әкім болып тағайындалды. Ол 1970 жылы туған. Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын, П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін бітірген. Павлодарға басшы болғанға дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Павлодарды Әнуар Күмпекеев басқарған еді. 3 шілде күні облыс әкімі оған әкімдікке эбеннен жасалған жиһаз сатып алғаны үшін қатаң сөгіс берді. Бұл жиһаз 6 миллион теңге тұрады. Содан кейін Әнуар Күмпекеев қызметінен шеттетіліп, оның міндетін қала әкімінің орынбасары Ермұрат Нұрханов уақытша атқарды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version