Қайрат Нүкенов Павлодар әкімі болып тағайындалды

Облыс орталығына Қайрат Нүкенов әкім болып тағайындалды. Ол 1970 жылы туған. Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын, П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін бітірген. Павлодарға басшы болғанға дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Павлодарды Әнуар Күмпекеев басқарған еді. 3 шілде күні облыс әкімі оған әкімдікке эбеннен жасалған жиһаз сатып алғаны үшін қатаң сөгіс берді. Бұл жиһаз 6 миллион теңге тұрады. Содан кейін Әнуар Күмпекеев қызметінен шеттетіліп, оның міндетін қала әкімінің орынбасары Ермұрат Нұрханов уақытша атқарды.

ДереккөзTengrinews.kz