Басты бет Жаңалықтар Алакөлде республикалық веложарыс өтті

Алакөлде республикалық веложарыс өтті

Шығыс Қазақстан облысы Алакөл жағалауында бұқаралық спорттан ІІ республикалық веложарыс ұйымдастырылды.

Фото ұйымдастырушылардан

Еліміздің әр өңірінен келген 100 спортшы 16 шақырымдық жарысқа түсті. Жас шамасына шектеу қойылмаған жарыс еліміздің туристік инфрақұрылымы дамыған Алакөл жағалауында өтті.

Көрермен және спорт жанкүйері ретінде биыл екінші рет осы жарысты тамашалауға келдім. Веложарыстың ұйымдастырылуы жоғары деңгейде. Алакөл жағалауы жыл сайын көркейіп келеді. Жақсы демалыспен қатар түрлі жарыстың, мерекелік кештің өтуі жұртшылықты қатты қуантып, керемет көңіл-күй сыйлайды, — дейді астаналық демалушы Маржан Әлібекқызы.

Шара қорытындысы бойынша І орынды үржарлық Нұртай Байтиков иеленді. Сонымен бірге жарысқа қатысқан ең жас және егде жастағы азаматтар Әмірғали Мұратбеков, Айжан Кимадиева, Нұрланбек Сандыбаев, Зияш Жақыпбекова, Нұртай Байтиков, Евгений Медведь «Абсолют жеңімпаз», «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына ие болды. Барлық қатысушылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дипломы мен бағалы сыйлықпен марапатталды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version