6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митингіге қатысқаны үшін полицейлер 100-ден астам адамды ұстады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады.
6 шілде санкцияланбаған митингілер өткізгені үшін Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100-ден астам ұсталды, 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 19-ы әкімшілік қамауға алынып, 23-іне айыппұл жазылды, қалғандарымен әңгіме жүргізіліп, үйлеріне жіберілді, — деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысы сыртында.
Еске салайық, Астана күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда адамдар ереуілге шықты. Оның алдында Бас прокуратура мұндай акциялардың заңсыз деп есептелетінін ескертіп, азаматтарды арандатуға ермеуге үндеген еді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатуына ерген. Жекелеген азаматтардан қару-жарақ тәркіленген.