2017 жылы енгізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуде қандай өзгерістер болады?

«Қазiр соңғы жоба жоқ. Әзiрге дайын жоба педагогикалық қауымдастыққа талқыға ұсынылады. Мектепте түлектер бiрқатар пән бойынша емтихан тапсырады. Ал Ұлттық бiрыңғай тестiлеу бұрынғыша өткiзiле бередi. Тек сұрақтар құрылымы өзгередi. Жоба бойынша 60 сұрақ стандартты болады. 60 сұрақ 30-дан екi блокка бөлiнедi, олар мамандыққа байланысты болады. Мәселен, түлек медициналық мамандықты таңдаса, 60 стандартты сұраққа жауап бередi, осыған қоса 60 сұрақ болады, 30-ы биология, 30-ы химия бойынша. Қалған тәртiпке айтарлықтай өзгерiс енгiзiлмейдi», — дедi Ерлан Сағадиев.

Министр атап өткендей, бұл жоба қазiр дайын, ол шағын құрамдағы педагогтар қауымдастығына талқыға ұсынылған.

«50-ге жуық мектеп директоры, ректорлар талқылауға қатысып жатыр. Осыдан кейiн жобаны министрлiктiң сайтына iлемiз. Содан кейiн сол жерде пiкiрлердi жинап, қарастырамыз»,-деді министр.

ДереккөзBnews.kz