Басты бет Жаңалықтар Игорь Крутой Қазақстанның «Достық» орденімен наградталды

Игорь Крутой Қазақстанның «Достық» орденімен наградталды

Мемлекеттік марапат композиторға Қазақстан мен Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін беріліп отыр.

Игорь Крутой. Фото: Kleo.ru

Қасым-Жомарт Тоқаев композитор, пианист, Ресей халық артисі Игорь Крутойды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградтады. Президенттің тиісті жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Қазақстан мен Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін композитор Игорь Яковлевич Крутой, Ресей Федерациясы, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын, — делінген жарлықта.

Айта кетейік, 30 маусым күні Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің Нұр-Сұлтанда өткен концертіне қатысқан еді. Ол мұның алдында Ержан Максимнің концертіне де қонақ ретінде шақырылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version