Арыста кезекшілік етіп жүрген Нұр-Сұлтанның жедел медициналық жәрдем бригадасы өлім аузындағы пациентті құтқарды.
3 шілдеде сағат 07.40-та Арыстың жедел жәрдем станциясының пультіне 1989 жылы туған ер адам туралы қоңырау түсті. Оған алдын ала «электр жарақаты» деген диагноз қойылған. Ал сол сәтте кезекшілікте жергілікті дәрігерлермен бірге Нұр-Сұлтан мамандары да болған. Дәрігерлер оқиға орнына шұғыл жеткен кезде пациент ес түссіз, клиникалық өлім аузында жатқан.
Жігіт дәрігерлер жедел жүрек-өкпе реанимациясы кешенін жасаған соң есін жинаған.
Қазір пациент Шымкентте. Жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп жоқ, ол қалалық кардиология орталығында емделіп жатыр.