Алматы әкімі Бауыржан Байбек автобус техникасының, аксессуарлар мен қызмет көрсетудің BUSWORLD Central Asia 2019 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме өзінің жартығасырлық тарихында алғаш рет Орталық Азияда өтті. Бұл туралы мегаполис әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бауыржан Байбек көлік реформасын жүргізіп отырған Алматы үшін экспорттық айналымда тексерудің және халықаралық тәжірбие жинаудың маңызды екенін айтты.
Халықтың мобилділігі — үлкен қалаларда өмір сүрудің басты критерийі. Қазіргі кезде субсидия арқасында тасымалдаушылар составы 80%-ке жаңарды, 1300 жуық жаңа автобус сатып алынды. Жыл аяғына дейін жаңарту 100%-ке дейін жетеді. Кейін қаланың автобус парктерін 4 есе жаңартатын боламыз. Бұл миллиардтаған теңгелерді көлеңкеден шығару арқасында мүмкін болды және ашық көлік саласы қалыптасты. Жақын арада қала бағыттарында Made in Almaty электробустары жүретін болады. Электробустардың үшінші буынын жанында 300 орынды автопаркі бар FalconEurobus зауыты шығарады. Автобустар қозғалысын реттеу үшін диспетчерлік басқару жұмысын күшейттік және тасымалдаушыларға айыппұл санкциясын салдық. Тек өткен жылдың өзінде ғана тасымалдаушылардан 560 миллион теңгеден астам субсидия ұсталды, — деді әкім.
Қала әкімі Instagram парақшасында биылғы жазда троллейбус желілерін жаңарту жұмысының басталатынын хабарлады.
Бауыржан Байбек BRT жүйесінің алғашқы желісін іске қосу жол қозғалысына кететін уақытты 40%-ке үнемдеуге мүмкіндік бергенін жеткізді. Жыл сайын жаңа желіні 100 мыңнан астам жолаушы пайдаланады. Сараптама көрсеткендей уақыт тым тығыз кезде Тимирязев көшесі бойындағы автобустар қозғалысының жылдамдығы аялдамаларды қосып есептегенде 3 есе жоғары болады. Қоғамдық көлік үшін 122 шақырым айрықша жолақтар жасалған, осының арқасында 22 көшеде көлік қозғалысының жылдамдығы артты. LRT конкурсының бірінші кезеңі аяқталды. Метроның екі жаңа бекетінің құрылысы жалғасып жатыр. Интервалды азайту үшін тағы 8 жаңа құрам сатып алынады.