Басты бет Қоғам Алматыда алғаш рет Диснейдің әндері орындалады

Алматыда алғаш рет Диснейдің әндері орындалады

"Болашақ" корпоратив қоры, Алматы әкімдігі еліміздің танымал артистерін қайырымдылық концертіне жинап жатыр. 

Фото ашық дереккөзден

5 шілде күні Республика сарайында «Жұлдыздар шеруі» киноконцерті өтеді.

Киноконцертте Диснейдің қазақ тіліне аударылған «Арыстан патша», «Су перісі», «Сұлу мен құбыжық» секілді танымал кинокартиналардың саундтрегі орындалады.

Бұл жобада билет сатылып қана қоймайды, 2500 орынның 500-і қайырымдылық мақсатында көпбалалы отбасыларға, түрлі балалар үйіне тегін үлестіріледі. Солайша бүлдіршіндеріміз концертті тегін көруге мүмкіндік алады, – деді Алматы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов.

«Жұлдыздар шеруі» киноконцерті – балаларды ғажайып симфониялық музыка әлемімен қазақ тілінде таныстырудың керемет тәсілі. Мерекелік кештен түскен қаражат «Болашақ» корпоратив қорының «Әрбір бала мектепке лайық» жобасын қолдауға жұмсалады. Ол елімізде инклюзив білім беруді дамытуға бағытталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version