Басты бет Жаңалықтар Тәуекел Мүслім иіссу шығара бастады

Тәуекел Мүслім иіссу шығара бастады

Қазақстандық актер, модель, әрі тележүргізуші Тәуекел Мүслім өз есімімен аталатын әтірлер шығара бастады. Бұл туралы Тәуекел Instagram парақшасында хабарлады.

Bouquet de Parfums француздық компаниясы Қазақстандағы ресми дестрибьюторы MSLM компаниясымен бірге Tauyekel Mussilim брендімен иіссулар шығара бастады. Қыз-келіншектерге арналған алғашқы әтір «Асылым», ерлер иіссуы «Кемел» деп аталды. Олар Қазақстан дүкендеріне сатылымға 1 қазан күні түседі.

Тәуекел Мүслімнің компаниясы қазірдің өзінде алдын ала тапсырыстарды қабылдау үстінде. Қазақстандық брендпен шығарылатын тұңғыш әрі жалғыз француздық парфюмериялардың бағасы 11 900 теңге.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version