Bouquet de Parfums француздық компаниясы Қазақстандағы ресми дестрибьюторы MSLM компаниясымен бірге Tauyekel Mussilim брендімен иіссулар шығара бастады. Қыз-келіншектерге арналған алғашқы әтір «Асылым», ерлер иіссуы «Кемел» деп аталды. Олар Қазақстан дүкендеріне сатылымға 1 қазан күні түседі.
Тәуекел Мүслімнің компаниясы қазірдің өзінде алдын ала тапсырыстарды қабылдау үстінде. Қазақстандық брендпен шығарылатын тұңғыш әрі жалғыз француздық парфюмериялардың бағасы 11 900 теңге.