Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Рысқұлов-Құлжа трактіндегі эстакада бойынша көлік қозғалысы ашылды

Фото: Almaty.gov.kz

Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тракті қиылысында қаланың батыс бағытына қарай эстакада бойымен жүретін көлік қозғалысы мерзімінен бұрын ашылды. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бауыржан Байбек жаңа екі деңгейлі жолайрығы құрылысының барысын тексерді. Енді бір айдан соң шығыс бағыттағы қозғалысты іске қосу жоспарланған.

Аталған көлік торабында қозғалыс тым тығыз, өйткені ол орталықты халықаралық әуежаймен және қалаға жақын орналасқан елді мекендермен байланыстырады. Кіші көлік айналымының маңызды бөлігі болып табылатын жолайрығы іске қосылған кезде учаскенің жүргізушілерді өткізу қабілеті орташа 15 пайызға артады.

Біз көлік инфрақұрылымын дамытып жатырмыз, оның ішінде жүргізушілерге де жақсы жағдай жасаймыз. Мемлекет басшысының Алматыға соңғы жұмыс сапары кезінде үкіметке қажетті қаржы бөлуді тапсырған еді. Қазіргі кезде қалада метроның екі бекетінің, екі көлік жолайрығының құрылысы, Абай даңғылы мен Саин көшесін үңгілеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл Құлжа тракті мен Бұхтырма көшесі бойындағы айналымда эстакада мен тоннелі бар тағы бір жолайрығының құрылысы басталады. Бұл қалалықтардың мобилділігін күшейтеді. Бизнес-кедергілерді азайтады, осы бағыттағы көлік кептелісін төмендетеді және қаланың экологиялық жүктемесін жақсартады, — деді Бауыржан Байбек.

Іске қосылған екі деңгейлі жолайрығы қауіпсіздік пен сеймикалық жағынан жоғары стандартқа сай. Құрылыс барысында алматылық өндірушілер шығарған 100 мың текше метрден астам бетон мен металлоконструкциялар пайдаланылды. 400 жұмыс орны құрылды, бюджетке салық түрінде 4 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Қазір қалада инженерлік желілер көшіріліп, 50 мың шаршы метр жер көгалдандырылып жатыр. 700-ден астам ағаш пен 615 бұтақ отырғызылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version